— Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ міндет. Әр азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар және табиғатты қорғауға жауапкершілігі мол, — дейді департамен мамандары.
Сіздің құқықтарыңыз:
• қолайлы қоршаған ортада өмір сүру;
• экологиялық ақпаратты алу;
• экологиялық шешімдерді қабылдау процесіне қатысу;
• қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғану;
• экологиялық заңнаманы бұзудан келтірілген зиянды өтеуді талап ету.
Сіздің міндеттеріңіз:
• қоршаған ортаны қорғау;
• табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
• қалдықтарды белгіленген тәртіппен жинау және кәдеге жарату;
• экологиялық талаптар мен нормаларды сақтау;
• табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтау.
Осыған дейін Қазақстан бастамасымен БҰҰ жаңа экологиялық күнді бекіткенін жазғанбыз.