Экологтар: 20 жылдан соң пілдер жойылып кетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әр 15 минут сайын жер бетінде бір піл, әр 9-11 сағат сайын бір мүйізтұмсық өлтіріледі. Жыл сайын браконьерлер 35 мың піл және 1 мың мүйізтұмсықтың көзін жояды.

Егер дәл осы қарқын сақталатын болса, онда 20 жылдан соң жер бетінен алып сүтқоректілер жойылып кетеді, дейді пілдер мен мүйізтұмсықтарды қорғаушылар. Олардың ұйымдастыруымен өткен сенбіде жаһандық марш бүкіл континенттерде болып өтті. Әлемнің 136 қаласында пілдер мен мүйізтұмсықтардың маскасын киген адамдар көшеге шықты. Олардың мақсаты - осы хайуандарды аман сақтап қалу үшін үн қату.

АҚШ-тың Колорадо штаты университетінің зерттеушілері пілдердің тууы өлуіне қарағанда аз екендігін анықтаған, деп жазады "Моя планета".

Айта кетейік, 2010-2012 жыл аралығында браконьерлер қолынан 100 мың піл өлім құшқан. Олардың екі мүйізінің құны $10 асады. Негізгі сұраныс Қытайдан түседі.