Экологтар Қазақстанда азиялық пілдерді өсіруге ұсыныс жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір топ елордалық экологтар Қазақстанда азиялық пілдерді өсіруге ұсыныс жасады. Мамандар бұл жануарлардың Маңғышлақ түбегінде өмір сүре алатынына сенімді, деп хабарлайды «Экспресс К» газеті.

«Азиялық пілдер африкалық пілдерге қарағанда үлкендеу келеді, - дейді эколог Мағауия Сейсенов. - Биіктігі 3,5 метрге жетіп, салмағы 6 тоннадан асады. Азиялық пілдің төлі қалың жүнді болып туады, алайда ыстықтан ол түсіп қалады. Батыс Қазақстан қысының жағдайында жануарлардың терісі одан сайын қалыңдар еді. Азиялық пілдердің азулары да үлкен, олардың ұзындығы үш-төрт метрге дейін жетеді. Сондықтан Қазақстанда бұл жануарлар мамонттарға ұқсар еді. Жалпы Маңғышлақ түбегі пілдерді өсіру үшін қолайлы. Ол үшін ешқандай дайындықтың керегі жоқ. Бар болғаны бірнеше тұқымдасты сатып алып,оларды осында әкеліп, еркіндікке жіберу керек. Пілдердің Қазақстанға үйреніп кетуіне қарағандылық хайуанаттар бағындағы Батыр есімді піл мысал бола алады».

Жабайы пілдерді өсіру арқылы Қазақстан осы жоғалып бара жатқан түрге үлес қоса алады. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан тағы бір туристік басымдыққа ие болады, деп жазады басылым.