Қоғам өкілдерінің назарына «Көкжайлау» жобасының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу аясында дайындалған Қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы ұсынылды. Экологиялық зерттеулерді «Қазэкология» компаниясы жүргізді.
Экологтардың пайымдауынша, құрылыс жұмыстарының қоршаған ортаға әсері заңнамада көзделген нормалардан аспайды.
«Штаттық тәртіптеме кезінде «Көкжайлау» тау шаңғы шипажайының инфрақұрылымдарын салу және пайдалану бойынша жоспарланып отырған қызмет табиғи ортаға және шипажай сыртындағы тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізбейді», - деп атап өтті «Қазэкология» директоры Амангелді Сқақов.
Бағалау жобасын дайындау барысында экологтар тау шаңғы шипажай аумағындағы қоршаған ортаның негізгі сипаттамаларын анықтады. Мәселен, қар жамылғысының орташа қалыңдығы 70-80 см, ал ең үлкен қалыңдығы 147 см құрайды, бұл тау шаңғысы трассаларын ұйымдастыруға арналған қар жамылғысының нормасынан (30 см) айтарлықтай жоғары.
Сонымен қатар, Көкжайлау шатқалындағы жасыл желек мал жайылымына пайдалану салдарынан ұзақ уақыт өзгеріске ұшыраған. Шренк шыршасының қалыңдап кеткені анықталды. Жобада Шренк шыршасының жас ағаштарын басқа жерлерге ауыстырып қайта отырғызу қарастырылған.
Пайдалану кезеңінде табиғи топырақ жамылғысына тікелей әсер етуге жобада жол берілмейді.
«Әрине, қоршаған ортаға әсері болады, бірақ ол тек құрылыс кезінде ғана және аз мөлшерде», - деп түсіндіріп өтті «Көкжайлау» тау шаңғы шипажайы» компаниясының атқарушы директоры Лукас Маршанд. - Ал біздің басты міндеттеріміздің бірі - бұл әсерді барынша азайту, оған заманауи технологиялар мен озық халықаралық тәжірибе толық мүмкіндік береді. Біздің жобамыз қатаң түрде ҚР заңнамаларына сай жүзеге асырылады. Алдағы уақытта, құрылыс біткеннен кейін шипажай тұрақты дамуға және экологияны жақсартуға бағытталатын болады. Мысалы, онда өсімдіктердің сипаттамалары берілген бақ, тоған қарастырылған, сондай-ақ жергілікті өсімдік және жануарлар әлемінің табиғи әртүрлігін сақтау және көбейту бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу де болжанып отыр. Шипажай өскелең ұрпақты және басқа да ниет білдіргендерді жергілікті жердің мәдениетімен, экологиялық және тарихи мұрасымен таныстыра отырып, танымдық қызмет те атқаратын болады».