Өткен сәрсенбіде Project Jonah табиғатты қорғау ұйымы құтқарушылар Жаңа Зеландияда дүйсенбі күні жағаға шығып кеткен 60 қара дельфинді сақтап қалғандығын хабарлаған еді. Экологтар алғашқы екі күнде 26 дельфинді суға қайтарғанын, алайда сәрсенбі күні 34 дельфин жағаға қайта оралғанын айтады. Құтқару жұмыстарына қатысқан ветеринарлар дельфиндер әлсіреген және бағыттан айырылып қалған деген қорытынды жасады. Сондықтан да экологтар оларды атып тастауға шешім қабылдады.
19:54, 26 Қаңтар 2012
Экологтар жағаға шығып кеткен 33 қара дельфинді атып тастады
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда экологтар жағаға шығып кеткен 33 қара дельфинді атып тастады.