«Олар қоғамдық институттардың мемлекеттің өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Құқық тәртібі дамымаған, ал билігі халықты қанайтын қоғам дамымайды, жақсы жаққа өзгермейді. Лауреаттардың зерттеулері оның себебін түсінуге көмектеседі», - деп атап өтті Швеция ғылым академиясы.
Экономикалық сыйлық дәстүрлі түрде қазан айының басында өтетін Нобель апталығын аяқтайды.
Экономика – жас ғылым, Альфред Нобельдің өсиетінде ол туралы ештеңе айтылмаған. Ол 1968 жылы Швецияның орталық банкі өзінің 300 жылдығына орай Нобель қорына қомақты қаржы аударғаннан кейін пайда болды.
Сондықтан сыйлық ресми жағынан Нобель сыйлығы емес, бірақ оны рәсім кезінде сол комитет береді. Сыйлыққа шамамен 1 млн доллар көлеміндегі ақша мен арнайы әзірленген алтын медаль кіреді.
Жеңімпазды Швеция ғылым академиясы таңдайды. Ол басқа ғылыми пәндер бойынша үздік жұмыстарды марапаттау кезіндегідей ережелерді сақтайды.