Альфред Нобель атындағы Швеция Мемлекеттік банкінің сыйлығын америкалық зерттеуші Клаудия Голдин иеленді.
Король ғылым академиясы Нобель комитетінің мәліметінше, марапат «еңбек нарығындағы әйел рөлі ұғымын түсінуге» қосқан үлесі үшін берілді.
Экономика бойынша сыйлықтың физиология мен медицина, химия, физика, әдебиет пен бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлықтарынан ерекшелігі – оны Альфред Нобель емес, 1968 жылы Швеция ұлттық банкінің өзі бекіткен.