Бұл туралы ол бүгін Bnews.kz порталы арқылы өткен онлайн конференция барысында мәлім етті.
А.Перуашевтің пікірінше, М.Әбілязов сияқты азаматтар мемлекетімізден 10-12 миллиард долларға дейінгі аралықта қаржы алып шыққан. «Бұл - өте мол көлемдегі қаржы. Біз бұл мәселе бойынша Ұлыбритания, Швейцария, Ресей сияқты елдердің құзырлы органдарына Үндеу жолдап, ұрланған қаржыны елге қайтаруды сұрадық. Бұл біздің қаржымыз, бұл біздің болашақ ұрпақтарымыздың еншісіндегі үлес. Бұл қаржы Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуі керек. М.Әбілязовтың өзі ешкімге де керегі жоқ. Оны барған елінде қалдыруға болады. Ал мемлекет қаржысы елге қайтарылуы керек. Сондықтан мұндай әрекеттерге келгенде ізгілендіру туралы әңгіме қозғау мүмкін емес», - деді А.Перуашев.