Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Электрондық үкімет» порталында интернет-конференция өткізеді

АНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 15-і мен 25-і аралығында  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Электрондық үкімет» (www.e.gov.kz)  порталында интернет-конференция өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернет-конференция Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру аясында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының І жартыжылдығы бойынша қорытындыларға және 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІІ съезінде атап өткен негізгі 7 бағыт бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысына арналады.

Сауалдарыңызды «Электрондық үкімет» (www.e.gov.kz )  порталына ағымдағы жылғы тамыздың 15-і мен 25-і аралығында қоя аласыздар. Барлық жауаптар осы порталда тамыздың 27-інде орналастырылатын болады.