Экономика және бюджеттік жоспарлау ведомствосында жаңа вице-министр тағайындалды

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Ғалымжан Пірматовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Үкіметтің 2009 жылғы наурыздың 20-сындағы №369 қаулысымен экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметіне Тимур Сүлейменов тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Т.Сүлейменов бұған дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаментінің директоры болған.