«Парламенттің жаңа құрамы айрықша қиын жағдайда жұмыс істей бастайды. Өздеріңіз де білетіндей, көріп отырғандай бүкіл әлемде көпдеңгейлі дағдарыс ушығып тұр. Біріншіден, әлемдік сауда-қаржы нарығы болжамсыз болып тұр. Бұл Қазақстан экономикасына теріс әсер етеді, Қазақстанның жаһандық экономикасына қосылуының объективті бағасы болып саналады. Екіншіден, тіпті бақуатты елдердің өзіне қатысты түрлі әлеуметтік проблемалар өсіп келеді», - деді ҚР Президенті.
Елбасы бұл проблемалардың жұмыссыздықтың өршуі, босқындардың жаңа жаһандық мәселелері екендігін атап өтті.
«Қазір толықтай алғанда әлем дамуының күрделі кезеңі. Қарапайым шешімдер экономикада да, геосаясатта да, ешкімге де болмайды. Бұл ретте қандай да қиыл қалыптастырдың қажеті жоқ. Ашығын айтайын, теңгерімді мемлекеттік шешімсіз, осыдан үш жыл бұрын біз жаңа заңдар мен стратегиялық бағдарламаларсыз жағдай мұнан да барынша драмалық тұрғыда өрбір еді», - деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте ҚР Президенті еліміздің стратегиялық мақсаттары мен тактикалық міндеттеріне «Стратегия-2050», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары мен Ұлт жоспары жататындығын айтты.