8-9 қарашада Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) он алтыншы саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі UzA-ға сілтеме жасап.
Іс-шараға Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркияның мемлекет және үкімет басшылары қатысады деп күтілуде.
Күн тәртібіне сәйкес сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және осы көпжақты құрылымның қызметін жетілдіру мәселелері қаралатын болады.
Саммит бағдарламасы аясында Өзбекстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Айта кетейік, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылған, оның тұрақты хатшылығы Тегеранда орналасқан.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы