Қазақстан экономикасының әлсіз жақтары - мемлекеттік кәсіпорындар санының көптігі, сот жүйесіндегі жемқорлық, меншік құқына кепілдіктің әлсіздігі, тарифтік емес саудалық кедергілер болып отыр.
«Американдық және Еуропалық қарыздық дағдарысқа жауап ретінде әлемнің барлық елдері өз экономикасында қате реттеулерге асығуда. Ол экономикалық еркіндік пен қаржылық сауығуға айтарлықтай кері әсерін тигізуде», - дейді CAFMI Атқарушы директоры Мирсулжан Намазалиев. Оның айтуынша, экономикалық рейтингтік жалпы рейтингінде Гонконг, Сингапур және Жаңа Зеландия көш бастап келе жатыр. Ал АҚШ 6-дан 10-орынға түсіп қалды. Бұл тізімді Мьянма, Венесуэла, Ангола және Зимбабве түйіндеп тұр.