деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2009 жылы жалпы ішкі өнім құрылымында өндірістік тауар 43,8 пайызды құрады. Оның 11 пайызы өңдеу, ал қалғаны тау-кен өнеркәсібінің тауарлары болды. Ал 1993-2009 жылдары ел экономикасына 108 миллиард доллар тіке инвестициялар салынды. Оның құрылымында геологиялық барлау мен іздеу 34,6 пайыз, шикі мұнайды және табиғи газды өндіру - 31,6 пайызды, өңдеу өнеркәсібі - 9,4 пайызды құрады", дейді министр Жанар Айтжанова. Оның айтуынша, Қазақстанның шикізаттық экспортының үлесі былтыр 11,2 миллиард доллар болды. Бұл елдің жалпы экспортының 26 пайызы. Экспорттың қалған 74 пайызы мұнай мен минералдық шикізат. Экономикалық өсім шикізат тауарлары экспорты мен олардың өндірілуіне тәуелді. Осыған орай Қазақстан алдындағы ең негізгі басым міндет - экономиканы әртаратандыру және оның шикізат экспортына тәуелділігін азайту болып отыр. Кеден одағының құрылуы мен нарықтың кеңейуі ең алдымен біздің экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.