"Экономикалық тергеу қызметін қайта құру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қажетті заңнамалық нормалар қабылданып, заңнан туындайтын актілерді қабылдау процесі аяқталуда", - деді ол.
Оның айтуынша, Экономикалық тергеу қызметінде қаржылық қылмыстардың алдын алуға, орын алған жағдайлар мен себептерді анықтауға, капиталды шетелге заңсыз шығарудың жолын кесуге және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмыстарына екпін беріледі.
"Штатын 40 пайызға қысқарту жоспарланып отыр. Үнемделген қаражат Экономикалық тергеу қызметіндегі жалақыны көтеруге жұмсалатын болады", - деді Ә.Смайылов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі Қаржы мониторингі комитетіне өту нәтижесінде қайта ұйымдастырылатын болады.