деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні Үкіметтің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алдында мемлекеттік жоспарлау, ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлау бағытында, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша аса жоғары міндеттер тұр. Бұдан басқа, өңірлерде экономиканың серпінді дамуы үшін ілкі жобаларды іске қосу шаралары да талқылану үстінде. Осындай жұмыстар барысында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ министрліктің сенімді әріптесі бола алады. Бұл ретте діттеген міндетті орындау үшін институттың ғылыми ресурстарын, бағдарламалық құралдарын толық пайдалануға болады», деді жиын барысында сөз сөйлеген ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шәженова.
Оның айтуынша, аталмыш институт ағымдағы жылы 10-нан астам зерттеу жұмыстарын жүзеге асырған. Бұндағы негізгі тапсырыс беруші Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады. «Менің ойымша, басқа да мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға осы бағытта жұмыс істеудің маңызы зор. Сонымен бірге институтта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабеліттілігін арттыру мақсатында зерттеулер қолға алынды», деді Д. Шәженова.