Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazinform ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: Үкімет

Жиынға қатысушылар Шымкент және Алматы қалаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, IT-саласы мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар еліміздің тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту шаралары қаралды.