деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы Жолдауының өзекті идеясы - экономиканы әртараптандыру болып табылады. Жалпы классикалық әртараптандыру - бір мезгілде бір-біріне ұқсамайтын қызмет түрлерін дамыту, сондай-ақ шығаратын өнім түрлерін кеңейту деген ұғым бойынша түсіндіріледі. Бүгінгі әртараптандыру - бұл ғасыр идеясы, жұмысты жаңаша қалыппен жүргізуге икемдеу дегенді де білдіреді. Дәл осы әртараптандыру үдерісі және қызмет тиімділігінің жаңа тетіктерін қарастыру шарасы - компанияның дамуын шапшаңдатып, қосымша табыс табуға, жаңа бәсекелестік басымдыққа жетелейді. Сондықтан да, әртараптандыруға нақты құрал ретінде жаңа көзқарас қалыптастыру қажет», деді О. Сәбден.
Оның айтуына қарағанда, кез-келген мемлекет секілді Қазақстан да әлемдік қауымдастық тарапынан қабылданып жатқан шараларға баса назар аударып отыруы шарт. Олай болмаған жағдайда Қазақстанға дағдарыс салдарын еңсеру үлкен қиындыққа соқтырады.