«Экономиканы дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін қалпына келтіру міндетін орындаған экономиканы қолдаудың 5 бағдарламасын іске асыруды аяқтау инфляциялық қысымды төмендетудің қосымша қадамы болды. Ақша-кредит саясатының стратегиясына сәйкес, Ұлттық банк экономиканы қаржыландырудың нарықтық қағидаттарын енгізуді жалғастырады. Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімде белгіленген мемлекеттік қолдаудың нарықтық емес құралдарынан біртіндеп шығу бойынша Үкімет тарапынан 5 жылдық жол картасын қабылдау маңызды болып саналады», - деді Ғалымжан Пірматов.
11:48, 08 Ақпан 2022
Экономиканы қаржыландырудың нарықтық қағидаттарын енгізу жалғасады – Ұлттық банк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономиканы қаржыландырудың нарықтық қағидаттарын енгізу жалғасады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.