Экономиканы «қолмен басқару» кезіндегі Дағдарысқа қарсы кеңестің қызметі

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған Дағдарысқа қарсы кеңестің міндеттері мен қызметі туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры Бауыржан Тортаев әңгімелейді. Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдегендей,

Қазақстан Республикасының Үкіметі дағдарыс кезеңінде экономиканы басқарудың «қол жүйесіне» көшірілмек, мемлекет ықпалын күшейте түсіп, билік тарапынан ахуалға күнделікті бақылау жүргізу көзделініп отыр.Дағдарысты еңсеру және ел экономикасын тұрақтандыру жөнінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың күштерін топтастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы наурыздың 10-ындағы № 275-ші Қаулысымен ҚР Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Дағдарысқа қарсы Кеңес құрылды. Кеңестің басты міндеті: - үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың күштерін топтастыру, мемлекеттік-жеке әріптестіктің тетіктерін оңтайландыру, экономиканың бәсекелестік салаларын және іскерлік белсенділігін дамыту үшін жағдай туғызу; - олардың тиімділігінің мониторинг негізінде дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпкерлік салалардағы нормативтік-құқықтық актілерге түзету енгізу; - дағдарыстан кейінгі дамудың келешегін есепке ала отырып, толыққанды бәсекелестік орта қалыптастыру үшін жағдай жасау; - кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған әкімшілік кедергілерді түбегейлі жою жөнінде ұсыныстар жасау. Премьер-Министрдің шешіміне сәйкес Кеңесте Үкіметтің шешімімен жекелеген, оның ішінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша жобалар қаралуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.Кеңестің мүшелері ? оның жұмысына тартылған министрлер, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері. Кеңес қызметі басталғалы 5 отырыс өткізілді. Осы жылғы наурыздың 13-і мен 17-сі аралығындағы Кеңес отырысында төмендегі мәселелер қаралды: - отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған кешенді қорғау шаралары; - Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы; - экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы; - мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру туралы; - экономиканың шикізаттық емес секторын дамытудың кешенді қадамдарын үйлестіру және қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы. 2009 жылғы сәуірдің 10-ындағы және 2009 жылғы мамырдың 8-індегі кеңесте «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына түзетулер және жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту жөніндегі шаралар қаралды.