Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясында елдің қаржы-несие және сауда-экономикалық саясатын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Отырысқа қатысушылар елдің қаржы-несие және сауда-экономикалық саясатын жүзеге асырудың бірқатар мәселелерін талқылады.