Отырыс жұмысына Парламент депуттартары, орталық атқарушы органдардың жетекшілері, ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында инновацияны дамыту мен технологиялық жаңғыруға көмектесу жөніндегі бағдарлама жобасын талқылады. Сондай-ақ, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға арнаған Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеп жатқан елдегі 2010-2014 жылдарға арналған қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі салалы бағдарламаның да жобасы қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министріне енгізілген ұсыныстарды ескере отырып, жобаны аяқтау тапсырылды.