Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу, оның ішінде жоспардан бірнеше коммуналдық меншік кәсіпорындарын алып тастау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін сату жоспарлары қаралды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.


Фото: primeminister.kz