Бұл туралы бүгін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Ауыл шаруашылығындағы өсу қарқындары жоспарлы көрсеткіштен 10,2 пайыздық тармаққа төмен. Дегенмен, қарқынның бұлайша төмендігі мезгілдік факторлармен түсіндіріледі. Өйткені салалар бойынша түпкілікті қорытындылар тек жылдың аяғында егін ору науқаны нәтижесінде белгілі болады. Сонымен қатар ағымдағы жылы күтілетін 14,5 млн. тонна бидайды жинау ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы мен жалпы ауыл шаруашылығының нысаналы өсу өлшемдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»», - дейді министр.
Оның айтуына қарағанда, ауыл шаруашылығында болжамдалған өсуге қол жеткізгенде және бір саладағы жоғары емес өсу қарқындарын басқа саладағы жоғары өсу қарқындарымен алмастырғанда 2013 жылы ЖІӨ өсуі 6%-дан кем болмауы тиіс.