Бұл жайлы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов бүгін Алматы қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған мәжілісте айтты.
«Өткен жылы 521,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға жоғары. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндіру 3-4 пайызды құрады. Сыртқы экономикалық қызметте де оң өзгерістер бар. Тауар айналымы 11 айда 16,4 млрд. АҚШ долларына жетіп, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,9 пайызға артты», - дейді С. Қабдолов. Оның айтуынша, бөлшек тауар тұтыну 6,7 пайыз өсіп, 1 триллион 268 млрд. теңгені құрады. Көтерме тауар айналымы 16,7 пайыз өсіп, 5 триллион 214 млрд. теңге болды. Көлік саласында жүк айналымы 1,4 пайызға, жолаушылар тасымалдау 14,3 пайызға артты, бұл салалардың кірісі 10,9 пайызға көтеріліп, 358,6 млрд. теңге болды.