Экономиканың өсуін ынталандыру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет – Үкімет басшысы
«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында орта мерзімді кезеңде жыл сайынғы экономикалық өсімді 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл –өте маңызды міндет. Халықаралық экономистер осы жылдың соңына дейін жаһандық экономиканың өсу қарқыны төмендейді деп болжап отыр. Әлемдегі күрделі геосаяси ахуал экономикаға кері әсерін тигізуде», - деді Үкімет басшысы.
Осыған байланыс Премьер-Министр экономиканың өсуін ынталандыру үшін жүйелі түрде пәрменді іс-шаралар қабылдау қажеттігіне назар аудартты.
«Экономиканы әртараптандыру, өзіміздің отандық өндірісті одан әрі дамыту, инвестицияларды арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру іс-шараларын күшейту керек. Барлық министрлер мен әкімдерден үйлесімді жұмыс жүргізу тиіс», - деді Әлихан Смайылов.