Бұл əрекеттерді жабдықтайтын қаржы ұйымдарына, кəсiпорындарына қандай протекциялар, қандай жеңiлдiктер берiлетiндiгi, бағыттау механизмi қандай болмақ, бұл мәселенің барлығы елімізде шешімін тапқан. Технологиялық қайта жарақтауды қамтамасыз ететiн, өз еркi мен кiрiс енгiзу есебiнде жұмыс iстейтiн технологиялық дамуды қолдау қоры жұмыс істеуде. Бiздiң елiмiзде инновациялық əрекет заң жобасының мазмұны негiзiнде мемлекеттiк сұраныс жəне мемлекет қаржысы арқылы iске асады. Ғылым жөнiндегi заңға сəйкес, қазiргi заманға сай технологиясы аз технопарк-құрылым жəне инновациялық əрекет өнiмнiң рыногын алға жылжытуға жағдай жасайтын инкубатор-құрылымға мемлекет белсендi түрде көмегiн тигiзсе де жеткiлiксiз болады. Елдiң қаржы жəне коммерциялық құрылымдары тарапынан қолдауды ұлғайта беру керек. Елдiң əлеуметтiк өмiрiнiң материалдық негiзiн трансформациялау жолында нақты қадамдарды қамтамасыз ететiн ұзақ мерзiмдi болашақ экономикалық бəсекелестікке қабiлет Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің арқасында қалыптасты.
Экономиканың тұрақты дамуының негізгі түбірі бар мақсаты - əлеуметтілікті тұрақтандыру. Тек əлеуметтік тұрақтылық экономикалық тұрақтылықтан туады. Экономика мен əлеуметтіліктің дамуына əрбір кезеңдерде бағасын беріп, оның дамуын бақылауды қолға алмайынша, «хаостық» жағдайға жол береміз. Сондықтан, президентіміздің айтуынша, бүгінгі таңда əрбір объектiнiң экономикасының даму бағасын талдау арқылы анықтауымыз керек. Бұл талдау бұрынғы талдау нəтижелерiмен салыстырмалы қаралуы керек. Себебi, жетiстiктер мен кемшіліктер өлшемiне баға берiлуi тиiс. Экономикалық қатынастарда əрбір ауданның, əрбір қаланың, əрбір облыстың бір біріне салыстырмалы əлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын бағалау көрсеткіштерін енгізу жəне оны одан əрі дамытуға талдау жүргізуді басшылыққа алу - бүгінгі күннің негізгі талаптарының бiрi. Мұнсыз əрбір əкімшілік басшылығы қызметтеріне баға беруге болмайды. Бірақ, бұл мəселелерге үкімет жиі назар аударып келеді. Əсіресе, əлеуметтік пен экономиканың дамуына бөлінген, берілген бюджеттік, банктік, инвестициялық қаржылардың қайтарылымы мен пайдалы болуының қоғамдық тұрғыда сұранысты арттыру жұмыстарын жүргізуде белсенділік жоғары. Əрбір аймақтың дамуына баға беретін əртүрлi жеке статистикалық көрсеткіштер бар. Осы көрсеткіштерді жинақтап, жалпы жаңа бағадағы экономиканың жəне əлеуметтіліктің тұрақты даму бағасын беретін көрсеткіштерді экономикаға қолдануды енгізу де бүгінде қаралып жатыр. Жалпы, «алдымен - экономика, сосын - саясат» формуласын ұстанған Елбасымыз және үкімет ондаған жылдар бойы экономиканы тұрақты дамытудың тәжірибесін жинақтап үлгерді. Дәл осы себепті, ендігі уақытта Қазақстанның экономикасының тұрақсыздануына жол берілмейтініне әбден сенуге болады және Қазақстанның бұл үшін жасалып жатқан өз стратегиялары бар.