Нуриэль Рубини таяуда жариялаған мақаласында банктердің 620 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі бағалы қағаздар бойынша іске асырылмаған шығынға ұшырағанын айтады.
«Одан да жаманы, жоғары пайыздық мөлшерлеме банктердің басқа активтерінің нарықтағы құнын төмендетті. АҚШ-та банктердің іске асырылмаған шығындары іс жүзінде 1,75 триллион долларды немесе олардың капиталының 80% құрайды», - деп жазды ол.Ол сондай-ақ өз мақаласында «депозиттік франшиза» деп аталатын тұжырымдаманы атап өткен. Салымшылар өздерінің депозиттерін қауіпсіз емес деп есептептеген, бұл сенімнің жоғалуына әкелуі мүмкін.