Екпе пунктерінде вакцинаның қанша дозасы бар
«Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 6,4 млн адам қабылдады. Вакцина алуға жататын халықтың қамтылу деңгейі – 62 пайыз. Екінші компонентті 5 миллионнан астам адам алды. Вакцина алуға жататын халықтың 50 пайызы қамтылды. Вакцинациямен қамту деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіш 9 өңірде – Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында тіркелді», - деді ведомство басшысы,
Оның айтуына қарағанда вакцианның бірінші дозасын алғандардың ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелген – 38 пайыз.
«Барлық екпе пункттерінде бірінші компоненттің 1,4 млн дозасы, екінші компоненттің 940 мың дозасы бар. Жеткізу кесте бойынша жалғасып жатыр», - деді Алексей Цой.
Сондай-ақ, ол Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты.
«Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2 400 жағдай жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200 жағдайға, қазанда 1 300 жағдайға жетеді», - деді министр.