Екпіні қатты жел оның жылыжайын бүлдірген. Нақты айтқанда жылу сақтап тұратын жамылғысын жұлып әкеткен. Салдарынан жайқалып өсіп тұрған көкөністері түгелдей үсіп кетіпті. 7 жылдан бері қияр, қызанақ секілді көкөніс түрлерін өсіріп, оны сатумен айналысатын кәсіпкер қазір сан соғып отыр. Шағын кәсіпкерлігін дамыту мақсатында алған несиені қалай жабамын деп алаңдаулы. Кәсіпкердің айтуынша, шығын көлемі 1 млн теңгеден асып жығылады.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 26-нан 27-не қараған түні Талдықорғанда екпіні күшті жел соқты. Ағаштар сынып, екі жерде электр сымдары үзілген. Кейін қала әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс үйлерге жарық қосылғанын мәлім еткен болатын.