«Жылдың үздік жекпе-жегі - «Канело»-Головкин кездесуі. Олардың стилі шынында бір-біріне сай келеді. Кәсіпқой боксшылардың екеуі де бабында. Меніңше, Головкин артығырақ жұмыс істеді, бірақ бұл сіздерге ұнайтын айқас болды», - дейді Смит Box Nation-ге берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын.