Экс-чемпион Головкиннен қарсыласына төнетін ең басты қауіпті атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдігінің бұрынғы иегері Роб Брант қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен келер ең басты қауіпті атады, деп хабарлайды Sports.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

«Головкинге соққы жұмсау қиын емес. Қиындықтар сол соққы діттегенжеріне жеткен соң басталады. Стив Роллсты қараңыздаршы, аса танымал болмағанымен өтеталантты боксшы. Ол кез-келген спортшының Головкинге қарсы шыға алатынынкөрсетті. Алайда Головкиннің соққысынан сақтану үшін, өзіңді жоғалтып алмау үшінтегеурінді тәртіп керек. Өйткен оның соққысы тым жойқын. Мүмкін Головкинніңуақыты өте бастаған шығар, алайда оның соққысы бұрынғысынша қалды. Ал бұл оныңтанымал болуына себеп болған басты қасиеттердің бірі. Головиннің алдыда әліжақсы кездесулері бар. Меніңше, ол керемет бір кездесуді іздестіріп жатыр,әрине ол бірінші кезекте «Канеломен» байланысты. Дегенмен оның уақыты азқалғанын да айта кету керек. Сондықтан оған асыға түскен жөн»,-деп келтіредіпортал Бранттың сөзін.

Соңғы жаңалықтар