Ол бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.
«Менің арманым орындалды. Мынау сарқырама, тау. Көп адам бұл қай жерде деп сұрап жатады. Пришахтинск қаласы, 21-шағын аудан. Осы үйде анам тұрады», - деді экс-депутат.
Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желіде әрленген үйдің жанында анасымен түскен суретін жариялады.
Осыдан бір ай бұрын М.Тінікеев әлеуметтік желі арқылы Қарағанды қаласына кірер жолдағы Пришахтинск қалашығындағы 5 қабатты ескі үйдің сыртына граффити жасауға байқау жариялаған болатын.
Экс-депутат суретшінің жұмысына 450 мың теңгеге дейін төлеуге бар екендігін айтқан болатын.