Осыдан 20 күн бұрын экс-депутат Қарағанды қаласына кірер жолдағы Пришахтинск қалашығындағы 5 қабатты ескі үйдің сыртына граффити жасауға байқау жариялаған болатын.
Бүгін Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желіде әрленген үйдің жанында анасымен түскен суретін жариялады. Оның айтуынша, әрлеу жұмыстары 1 аптада бітеді.
Суретшілердің еңбекақысын экс шенеунік өз қалтасынан төлеген.
«Тұрғындар мен ПИК, сәулет басқармасының рұқсаты алынды. Менің арманым орындалып келеді. Көршілерім тау өзенінің қасында суретке түсу - 50 теңге болады деп қалжыңдап жатыр», - деді экс-депутат жазбасында.