ВВС-дің жазуынша, Тәжікстанның өнеркәсіп және энергетика экс-министрі Зайд Саидов қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша айыпталуда. Оның ішінде ірі көлемде пара алу, қызметтік жағдайын теріс пайдалану, алаяқтық, бопсалау және басқа қылмыстар тағылып отыр.
Соттың бірінші отырысында Саидов барлық айыптауларды мойындамады. Кәсіпкердің қорғаушысы тергеушілерді біржақтылық пен теріс түсініктері үшін айыптап отыр.
Тұтқындалғанға дейін Саидов «Жаңа Тәжікстан» атты оппозициялық саяси партияны құруды жоспарлаған болатын. Бұрынғы министрге қатысты үкім алдағы аптада шығады екен.