- Влад, бұл идея неден пайда болды, басынан бастап айтып бере аласың ба?
-2015 жылы жазда мен «Астана» командасы құрамында «Tour de France» көпкүндігінде оператор болып жұмыс жасадым. Кезекті бір кезеңнен кейін мен Олимпиада чемпионы А.Винокуровтан сұхбат алып, соңында «бесті әкелші!» деп онымен қол алыстым. Сұхбат жазылған материалдан қайта қарап отырып, дәл сол соңғы сәті сәтті, шаттыққа толы екенін байқадым. Қыркүйек айында әлеуметтік желілерде 10 мың көруші жинайтын дәл сондай бейноролик түсіруді армандадым. Ал, қазіргі уақытта ор роликті көрушілер саны 100 мыңға жақындап қалды. Осы нәтиже маған жобаны ары қарай жалғастыруға түрткі болды.
- Рахмет.
Анель Қасымова
06:07, 02 Наурыз 2016
ЭКСКЛЮЗИВ: Әр елдің адамдарымен қол алысып жүрген қазақстандық рекордтар кітабына енуден дәмелі (ФОТО, ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Владислав Притуляк былтыр күзде Ресей, Украина, Нидерланды, Франция тұрғындарымен бірге түсірілген «бесті әкелші!» (қол беру) видеоролигін жария еткен. Ол ролик әлеуметтік желілерде бірден танымал болып, жобаның жалғасын жасауға түрткі болды. Биыл жас саяхатшы 10 мемлекеттегі 50 қаланы араламақ. Сонымен қатар, ол әлемдегі ең көп алақан қағыстырған адам ретінде рекордттар кітабына енуден дәмелі. Бұл туралы оц-жоспарымен 22 жастағы жас саяхатшы «ҚазАқпарат» тілшісімен бөлісті.