"Бүгінде Сафа мен Маруаның қашықтығы 450 метр. Ол - Әл-Харамның бөлігі болып табылмайтын өз алдына үлкен жабық кешен", - дейді Дәурен Мұхамеджанов.
Қандай да бір дертке шалдыққан қажы жаяу бастап, кейіннен қатты шаршап, я ауырғанын білсе, оған жораны арбаға отырып жасауға рұқсат беріледі. Бұл адамдарға жораны бір-бірін баспай, екі таудық арасында жүріп жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Зәмзәм суы - Рақымды Құдайдың Мекке халқы үшін берген үлкен ерекше нығметі. 40 градус аптап ыстықта салқын судан тәтті ештеңе табылмайды. Адам тамақсыз орташа есеппен 2 апта өмір сүре алса, сусыз небәрі 2-3 күн ғана тіршілік ете алады. Сондықтан Зәмзәм Мекке картасындағы стратегиялық ең маңызды нүктесі болған және болып қала бермек.