Айта кету керек, осыған дейін Cihan түрік агенттігі Қазақстан елшілігінің үш қызметкері жол апатынан жарақат алғаны жайлы хабарлаған. Алайда кезекші комендант «ҚазАқпарат» ХАА редакторына телефон арқылы қаза тапқан жүргізуші Ферхат Севильдің жанұясының мүшелері: анасы, жары мен ұлы жарақаттанғанын айтты.
Түркия азаматы Ферхат Севиль Түркиядағы ҚР Елшілігінде келісімшарт бойынша жүргізуші болып жұмыс істеген. Сенбі күні ол өз көлігінде жеке шаруаларымен жүрген.