ЭКСПО-2017: Францияның ұлттық павильоны таяу күндері дайын болады
«Біз барлық жұмыстар дер уақытында жасалып жатқандығын нық сеніммен айта аламыз. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылар туралы келісімге қол қойған бірінші ел болдық. Сонымен қатар біз өз павильонның кілтін ең бірінші алған елміз. Бірнеше ай бойы павильонды дайындау жұмыстарын жасап жатырмыз және таяу аралықта барлығы да дайын болады», - деді ол.
Франция павильонының комиссары ЭКСПО көрмесін ұйымдастырушылармен тығыз қарым-қатынас орнағандығын, туындаған проблемаларды дер уақытында ашық талқылап, шешіп жатқандықтарын баса айтты.
«Біз келушілерді шын мәнінде таңырқату үшін алуан түрлі дүние көрсетуге тырысатын боламыз. Жалпы, бізде бірнеше шағын павильон болады. Онда сіздер жаңа технологияларға қатысты қызықты дүниелерді көре аласыздар. Францияда жаңа технологиялар саласында әлемдік нарықта көшбасшыға айналған компаниялар өте көп. Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты технологиялар саласында да жетекші орынға ие түрлі компаниялар бар. Біз олардың барлығын да көрсеткіміз келеді», - деді Лоро.