ЭКСПО-2017-ге қарай халық ысырапты азайтуы керек - ТМРА
«Агенттік қызметінің басты бағыттарының бірі «жасыл» экономикаға көшу және Қазақстан үшін тарихи жағдай - «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық болып табылады. Заңнаманы жетілдіру барысында жарық, жылу, су бағасына сараланған тарифтерді енгізуге мүмкіндік болады. Нәтижесінде, электр энергиясы мен су үнемделеді. Тұтынушылар да қаражатын үнемдейді»,- дейді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, қабылданған шаралар арқасында нормативтік техникалық ысыраптар жүйелі түрде азаяды.
«2012 жылы нормативтік шығынды төмендетуден шамамен 713 млн. теңге үнемделді. Бүгінгі күні кәсіпорындар қызметінің теріс көрінісі нормативтен тыс шығындарға байланысты болып отыр. Бұндай шығындарға кәсіпорындардағы жабдықтардың тозуы мен олардың қорлануы да негіз болып табылады», - дейді М. Оспанов.