«ЭКСПО-2017» көрмесі ұлттық жобасын өткізуге жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 1,5 миллиард доллар. Бұл қаржының 1,2 миллиарды қаланың коммуникациясы мен аймақтық даму жоспарында қарастырылған. Егер біздің 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі өтінішіміз Халықаралық көрме бюросында қолдау тапса, павильондарды салуға инвестияциялық қаржы тартылмақ», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, «ЭКСПО-2017» жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев. Оның айтуынша, оған жұмсалған қаржат өзін толық ақтайды. Онда әлемнің өзге елдерінде өткен басқа көрмелердің тәжірибесі ескеріліп отыр. Қазақстандықтардың нақты және өміршеңдігімен ерекшеленетін есебі Халықаралық көрме бюросының Сарапшылар комиссиясын да қанағаттандыруда. Қалада әуежай, вокзал, қонақ үй сияқты маңызды нүктелерді жалғастыратын монорейсті жолдар жүргізу қаланың 2016 жылғы жоспарында қарастырылған.
14:06, 17 Наурыз 2012
«ЭКСПО-2017» көрмесі ұлттық жобасын өткізуге 1,5 миллиард доллар қаржы жұмсалмақ - Рәпіл Жошыбеков
АЛМАТЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан 2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу құқығын жеңіп алса, Астана қаласын дамыту жоспарында қарастырылған қаржыға қосымша 250-300 миллион доллар жұмсамақ. Бұл туралы кеше Алматыда өткен өтінішті қолдау форумында айтылды.