«ЭКСПО-2017 Кубогы» танымал футболшыларының жұбайлары

None
ҚазАқпарат - Астанаға «ЭКСПО-2017» Кубогына қатысу үшін әлемдік футболдың өз заманындағы бірнеше жұлдыздары келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың барлығы отбасылы болған, көпшілігінің балалары да бар. «ҚазАқпарат» ХАА шағын шолуда оқырмандарына танымал футболшылардың сұлу деген әйелдерімен таныстырады. 

1. Мариана Стоичкова (Христо Стоичковтың жұбайы)

Христо Стоичков 1994 жылғы әлем чемпионатында Болгарияның тарихи жетістікке қол жеткізуіне өлшеусіз үлес қоса отырып, өзінің ұлттық құрамасының нағыз лидеріне айналған.

Айта кетейік, ол уақытта Болгария командасы ширек финалда Германия құрамасы сияқты әлемдік додалардың «алыбын» артқа тастап, өз тарихында тұңғыш рет танымал турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Клубтық деңгейде Стоичков испаниялық «Барселона» командасы құрамында көптеген жарыстарды жеңді. Болгария футболының жұлдызы қызуқанды болатын. Алайда оның жұбайы Мариана футбол шеберінің үйде үлгілі әке және отбасының иесі екендігін айтады. Ол сондай-ақ футболда адуынды спортшының үйде ақжарқын азамат екенін және отбасы мәселелерін ылғи да бірлесіп шешетіндіктерін жеткізді. Бұған әрине Мариананың өзінің ықпалы аз да болмаса керек.

2. Алессия Росси (Эрнан Креспоның жұбайы)

1990 жылдардағы қақпашылардың үрейін тудырған дүлейлердің бірі Аргентина құрамасының және «Интер», «Лацио», «Парма» командаларының шабуылшысы. Стоичковқа қарағанда, Крсепо ұлттық деңгейде аса танылмаған, бірақ Италия Кубогы мен чемпионатында және УЭФА Кубогында жасындай жарқылдаған. Ұзақ жылдар бойы Италияда жүрген аргентиналықтың өмірі әрине оның отбасылық жағдайына да әсер етпей қойған жоқ. Креспо италиялық Алессио Россиге үйленген. Алессияның атақ-даңқы өзінің жан жарынан кем емес әйел болатын. Италия аруы атанған оның есімі Аппенин жартылай аралындағы елдің жылтырақ журналдарының ең әдемі қыздарының рейтингінде көш бастап тұратын.

3. Дарья Гордеева (Валерий Карпиннің жұбайы)

Ресей құрамасының және «Реал Сосьедад» командасының бұрыншы мүшесі, сондай-ақ мәскеулік «Спартак» командасының бұрынғы бапкері 2017 жылы үшінші рет үйленген еді. Ол Дарья Гордеевамен көңіл қосты. Танымал ресейлік спортшының жұбайы Эстонияда туған және ол ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болған. Дарья сонымен қатар музыкамен әуестенеді. Ол кезінде жергілікті топтардың бірінің музыканты да болған. Қорыта айтқанда екеуінің де бұрынғы жартыларынан балалары бар.

4. Марина Кутепова (Александра Шовковскийдің қалыңдығы)

2012 жылы Киевтің «Динамо» командасы мен Украина құрамасының бұрынғы қақпашысы Александр Шовковский өзінің жұбайын Ольга Аленовамен айырылысып кеткен. Ал 2015 жылы Алексндар Марина Кутеповамен бірге жүретін болған.

Кейбір украиналық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Шовковский Аленовамен отбасылы болған кезінде-ақ Кутеповамен кездесіп жүрген.

5. Лена Боровски (Тима Боровскидің жұбайы)

Неміс Тима Бровскидің жұбайы Лена атақты жолдасымен бірге Германия құрамасы мен бремендік «Вердер» командасының барлық танымал жарыстарына баратын болған.