ЭКСПО-2017 Кубогындағы бес команданың бапкерлері белгілі болды
Германия құрамасын мадридтік «Реалдың» бұрынғы жаттықтырушысы Бернд Шустер дайындайды. Ал Әлем құрамасының жаттықтырушылығына (екінші сөзбен Әлем футболының жұлдыздары құрамасын) болгар футболшысы Христо Стоичков келді.
Португалия құрамасына бұрынғы белгілі футболшылардың бірі Жозе Домингеш жетекшілік етпек. Жозе Португалия құрамасында 90-жылдардың ортасында өнер көрсеткен болатын.
Валерий Гладилин турнирде Ресей құрамасын доп додасына қосады.
Ал Қазақстан құрамасын бір кездері семейлік «Елім-ай» сапында жасындай жарқылдап, кейін ШҚО «Алтай» командасының басшылығына келген Борис Глушков жаттықтыратын болады.
Еске сала кетсек, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 5 тамыз күні «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі басталады. Елордалық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. Турнирде Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды әлемдік футболдың ардагер жұлдыздары өнер көрсетеді.