ЭКСПО-2017 құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қ.Үсеновті үйде қамап ұстау мерзімі 8 қыркүйекке дейін ұзартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы ауданының №2 аудандық соты «ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-ның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысын үйде қамап ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматы ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігі «б» тармағымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Қажымұрат Үсеновке қатысты бұлтарпау шарасының мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің өтінішін қанағаттандырды.

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 3 айға дейін, яғни 2015 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ұзартылды.