«ЭКСПО-2017» символы - Қазақстанның павильоны болады
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ұсынған мәліметтеріне қарағанда, көрменің жалпы аумағы 174 гектарды құрайды, оның ішінде 25 гектар аумаққа «ЭКСПО» нысандары орналаспақ. Ұлттық павильон; «Әлемнің үздік тәжірибелер аймағы» павильоны, халықаралық павильондар секілді орындарға әлемнің 100-ден астам елдерінің тақырыптық павильондары жайғасатын болады. Тұтастай алғанда ЭКСПО көрмесі үшін 38 нысан салынады.
«ЭКСПО-2017» символы Қазақстанның павильоны болмақ, ол ең үлкен Шар-өріс болып табылады. Қазақстандық Шар тәріздес өрістің ішінде Болашақ музейі және Қазақстан тарихына арналған музей орналасады. Бұдан бөлек, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы бойынша 4 тақырыптық павильон құрылады. Олар «Көміртек шығарындыларын төмендету», «Өмірге қажетті энергия», «Баршаға арналған энергия», сонымен бірге «Әлем энергиясы» атты жеке павильон болады», делінген баспасөз мәліметінде.
Айта кетерлігі, халықаралық конкурс негізінде «Ең үздік тәжірибелер аймағы» алаңында көрмелерге қойып, жұртшылыққа көрсету үшін иннновациялық жобалар мен технологиялар іріктеліп алынады.