«ЭКСПО-2020» көрмесі Дубайда өтетін болды

ӘБУ-ДАБИ. 28 қараша. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2020» көрмесін өткізетін жерді анықтау үшін Парижде өткен дауыс берудің қорытындысында оған қатысуға үміт білдіргендердің арасынан Дубай қаласы таңдалды.

Дауыс беру үш кезең бойынша өткізілді. Қорытынды кезеңде төрешілерге Ресейдің Екатеринбургі мен Әмірліктердің Дубай қаласы арасында таңдау жасау керек болды. Дауыс беру салтанатын әмірліктің БАҚ-ры белсенді түрде трансляциялады: телеарналар арқылы Парижден тікелей трансляция жүргізіліп, ал әлеуметтік желілер арқылы DubaiExpo2020 хештегі танымал болды.

Сонымен бірге, БАӘ билігі бұл күндері Дубайда және бүкіл ел бойынша «ЭКСПО-2020» жеңісін тойлау және осы күнмен тұспа-тұс келген елдің тәуелсіздігі күніне байланысты мерекелік бағдарламалар өткізілетіндігін жариялады.