ЭКСПО аумағында инвестиция көлемі 100 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылуда - А.Есімов
11:50, 29 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» аумағында инвестиция көлемі 100 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «ASTANA INBEST 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, елорда төрінде өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне бүгінгі күні 49 ел қатысатындығын қуаттаған. Ал, жалпы көрмеге 100-ден астам ел қатысады деп күтілуде.
«Бұған қоса, бұл қосымша жұмыс орындарын құруға, қала инфрақұрылымына тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда көрме аумағында жалпы инвестиция көлемі 100 млрд. теңгені құрайтын тұрғын үй, қонақ үй, сауда ойын-сауық орталығы бойынша 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Тек ЭКСПО-ның құрылыс алаңында ғана шамамен 8 мың қалалық жұмыс істеуде», - деді А.Есімов.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді жүзеге асыруға жол ашып, республиканың инновациялық дамуына мүмкіншілік береді», - деп атап өтті компания басшысы.