«Жалпы ұрлық біздің мемлекетке үлкен шығын келтіріп отыр. Күрестің өзі де. Ал енді орын алатын қылмыстың 64 пайызы ол - ұрлық. Халықтың мазасын алатын, азаматтардың берекесін кетіретін бүгінгі күні ұрлық болып отыр. Азаяр емес, кересінше өсіп келеді. Бұл дегеніміз не? Халық құқық қорғау органдарына сенбейді. Неге сенбейді? Өйткені, тіркелген ұрлықтардың 70 пайызы жыл сайын ашылмай қалып жатыр», - деді Жақып Асанов.
Оның атап өтуінше, әсіресе мал ұрлығы халқымызға, отбасын асыраймын деп, маңдай терін төгіп, барын салып, жүрген адамдар ауыр соққы болуда.
«Ертең Астанада ЭКСПО болады. Бүкіл өңірден азаматтарымыз келеді. Шетелден келеді. Ертең олар тоналып, ұрланып, жатса сол кезде әлем алдында масқара боламыз. Елбасы осыны ылғи айтып келеді, талап етеді. Жалпы біз мына нәрсені түсінуіміз керек. Жаппай ұрлықты тоқтатпай біздің мемлекет еш уақытты дамымайды», - деді Бас прокурор.