ЭКСПО-дағы мейрамханалар қазір жұмыс істеп тұрған жоқ

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «HoReCa» қонақ үй-мейрамхана бизнесі қауымдастығының президенті Игорь Копайлов ЭКСПО аумағында орналасқан мейрамханалардың алдағы жайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір олардың жұмысы тоқтап тұр, аздап өз аудиториясын жоғалтып алды. Әрине, бизнес иелері біраз шығынға ұшырады, бірақ олар маусымдық бизнес екенін, түрлі қиындықтар болатынын алдын ала білді», - деп жауап берді «HoReCa» қонақ үй-мейрамхана бизнесі қауымдастығының президенті Игорь Копайлов Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап беріп.

Қауымдастық басшысының айтуынша, ЭКСПО аумағында орналасқан мейрамханалар мен қонақ үйлердің келешегі бар.

«Кез келген жағдайда, бұл мекемелердің келешегі бар. ЭКСПО аумағындағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, кешен жаңа сипатта қайта ашылады. Түрлі орталықтар ашылады, тұрақты негізде көрмелер өтіп тұрады. Сондықтан, ЭКСПО аумағында ашылған мекемелер өз жұмыстарын қайта жалғастырады», - деп өз сөзін түйіндеді И.Копайлов.

Соңғы жаңалықтар