Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығынан хабарлады..
Кеше әлеуметтік желіде «Астананы қаңғыбастардан тазартып жатыр», «Жарты сағат бұрын Петропавлға Астанадан 150 қайыршыны әкеліп түсірді» деген ақпарат тарап, интернетті қолданушылар тарапынан қызу талқыланған болатын.
Астана қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Бүгінде 300-ден астам азамат елордадағы қабылдау-тарату орталығына жеткізілді. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы анықталмаған 300-ден аса азамат әлеуметтік орталыққа орналастырылды. Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын елдеріне қайтару ісі қолға алынды. Бұдан бөлек, тұрақты мекенжайы жоқ өзге қалалар тұрғындарының туыстарын іздеп-табу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ азаматтардың арыз-шағымдары үшін «шұғыл желі» іске қосылды», - деді ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман Жакин.